Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Есіл қаласы, агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсшпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Агротехнический колледж город Есиль» при управлении образования Акмолинской области.

Аса қадірменді де құрметті сайт қонақтары!
Колледж ұжымы мен білім алып жатқан студенттер атынан Сіздерді Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Есіл қаласы, агротехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ресми сайтында қош көрдік.
Әр адамның кәсіби мансабындағы жолы оқу орнын таңдаған сәттен басталады. Кәсіби өзін-өзі анықтау - бұл нақты мамандықты таңдау ғана емес, сонымен қатар бүкіл өмірді таңдау.
Құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін оқу орнымыз өңірдегі ең танымал, абыройлы және беделді колледж болып табылады. Біздің оқу орнымызда алынған білім барлық заманауи талаптарға жауап беріп, әрбір түлектің өмірінде жақсы тірек болып табылады.
Сапалы білім беру, жұмысқа орналастыру, креативті және іскерлік белсенділікті дамыту жастармен жұмыс істеудің басты бағыттары
Сондықтан, колледждің миссиясы «Жаңа Қазақстанның» өндірістік әлеуеті мен экономикасының деңгейін арттыруға қауқары жететін, жоғары жеке және адами қасиеттері бар, теориялық және практикалық дағдылары жоғары бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды даярлау болып табылады.
Құрметті сайт пайдаланушылары! Біздің беттен Сіздер колледждің тарихы, оның дәстүрлері, жетістіктері, білікті кадрларды дайындайтын мамандықтар мен болашаққа жоспарлары туралы ақпаратты таба аласыздар, сондай-ақ оқу орны өмірінің соңғы жаңалықтарымен танысуға болады.
Баршаңызға есігіміз арқашан ашық!
Біз Сіздердің табысқа жету жолыңызды бастаймыз!
Ізгі ниетпен, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Есіл қаласы, агротехникалық колледжі» МКҚК директоры Мейірбек Шәріпұлы Мұхатаев
Жаңалықтар
-
09.09.2026
Мектеп, полиция және медицина: балалар қауіпсіздігі жолындағы бірлескен жұмыс Бүгін Көкшетау қаласында «Заң мен тәртіп» идеологемасын, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын және Қазақстан Республикасында 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру мақсатында білім басқармасы Полиция департаментімен және Психикалық денсаулық орталығымен бірлесіп, Көкшетау қаласының мектептері мен колледждері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беру ортасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алудың және есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру, оның ішінде қауіп тобына жататын балалар мен жасөспірімдерді ерте анықтау, сондай-ақ оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын және есірткіге қарсы тұрақты мәдениетін қалыптастыру. Семинар барысында қатысушылар есірткі заттарының заңсыз айналымы мен қолданылуына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алудың заманауи тәсілдерін, педагогтер, құқық қорғау органдары және денсаулық сақтау жүйесі мамандары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Іс-шарада Ақмола облысы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі, Аналар кеңесінің мүшесі Разия Талғатқызы Курсанова және Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының Психикалық денсаулық орталығының басшысы Александр Анатольевич Высоцкий спикер ретінде сөз сөйледі. Мұндай семинарлар мектептер, құқық қорғау органдары және медицина мамандары арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар олар балалар үшін қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға және есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған.
Мектеп, полиция және медицина: балалар қауіпсіздігі жолындағы бірлескен жұмыс
Бүгін Көкшетау қаласында «Заң мен...
-
21.08.2026
Вакансия
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Есіл қаласы, агротехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық...
-
19.08.2026
Вакансия
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Есіл қаласы, агротехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық...
-
19.08.2026
Вакансия
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Есіл қаласы, агротехникалық колледжі»
мемлекеттік...
-
-
09.06.2026
Қарусыз қоғам
https://www.youtube.com/watch?v=2ItHz6FbH3M
-
-
-
05.03.2026
4 наурызда тәрбие жұмысы аясында колледждің оқу топтарында Халықаралық әйелдер күніне арналған "Әйелдер табысының тарихы" және "Әлемді өзгертетін әйелдер"атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары барысында студенттер ғылымның, мәдениеттің, білімнің, қоғамдық өмірдің және басқа да салалардың дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті әйелдердің тарихымен танысты. Қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлін, оның жетістіктерін, мінезінің күшін, даму мен өзін-өзі жүзеге асыруға деген ұмтылысын талқылауға ерекше назар аударылды. Оқу топтарының жетекшілері әңгімелесулер, презентациялар мен талқылаулар ұйымдастырды, олардың барысында білім алушылар пікірлерімен бөлісті, танымал әйелдердің мысалдарын келтірді және табысқа жетуге табандылық, еңбекқорлық және өзіне деген сенім қалай көмектесетіні туралы айтты.
4 наурызда тәрбие жұмысы аясында колледждің оқу топтарында Халықаралық әйелдер күніне арналған "Әйелдер табысының...
-